Туған күні: 06.12.1980 ж.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Білімі:
2001 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің «Әлеуметтік саладағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша «Экономист-менеджер» біліктілігін тамамдаған.
2015 жыл – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша «құқық бакалавры» дәрежесі.
Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
2017 жылғы ақпаннан бастап 2021 жылғы ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту департаментінің директоры болды.
2021 жылғы ақпаннан 2022 жылғы ақпанға дейін «Қазақстандық мемлекеттік – жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарды.
2022 жылдың сәуір айынан бастап «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарады.
Жетекшілік ететін мәселелер:
1) Қоғам Басқармасының, Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің, комиссияларының қызметін құқықтық сүйемелдеу;
2) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін құқықтық сүйемелдеу;
3) Қоғамның қызметін тексеруді жүзеге асыратын ҚР Құқық қорғау және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарымен (Қоғамның қауіпсіздік қызметімен бірлесіп) өзара іс-қимыл жасау;
4) Қоғам өз қызметін жүзеге асырған кезде ҚР Құқық қорғау және арнайы органдарымен, сондай-ақ өзге де уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау;
5) шет мемлекеттің қолданылатын құқығы мәселелері бойынша сыртқы құқықтық сараптама жүргізу үшін заң консультанттарын тарту.
Үлестес ұйымдарға тиесілі акциялардың саны мен үлесі: жоқ.