Артқа қайту

Кабдолданов Нуржан Кенесбаевич

«Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі

Туған күні: 05.02.1978 ж.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Білімі:
1997 жылы Талдықорған заң колледжінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2003 жылы Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтының «Құқықтану» мамандығы бойынша «заңгер» біліктілігімен тамамдаған.
2010 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің «Қаржы» мамандығы бойынша «қаржы бакалавры» дәрежесімен тамамдаған.

Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
2014 жылы қаңтардан 2020 жылы қаңтарға дейінгі кезеңде «Жасыл даму» АҚ бас сарапшы, департамент директоры, Бас директордың орынбасары болды (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы);
2020 жылы қаңтардан 2022 жылы қаңтарға дейін «MKS Company» ЖШС-ң атқарушы директор қызметін атқарды;
2022 жылы қаңтардан 2022 жылы наурызға дейін «Жасыл даму» АҚ Бас директорының орынбасары;
2022 жылы наурыздан 2022 жылы маусым аралығында «Жасыл даму» АҚ Қалдықтарды басқару жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі қызметін атқарды;
2022 жылдың 1 шілдесінен бастап «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі қызметін атқарады.

Жетекшілік ететін мәселелер: Мәселелер бойынша Қоғамның қызметін жалпы ұйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады:
- Сот шешімі бойынша республикалық меншікке түскен иесіз қауіпті қалдықтарды басқару;
- Өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болатын қалдықтарды (қаптама, автокомпоненттер, электро-электрлік қалдықтар) жинау, тасымалдау, қайта пайдалану үшін дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) пайдалану бойынша ұйымдар, оларға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген жауапкершілігі таратылады;
- Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің сұрауларына, хаттарына және өтініштеріне ресми жауаптар.

Үлестес ұйымдарға тиесілі акциялардың саны мен үлесі: жоқ.