Артқа қайту

Сыздықов Олжас Олжабайұлы

«Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі

Туған күні: 12.08.1987 ж.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Білімі:
2008 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін «Агрономия» мамандығы бойынша тәмамдаған;
2010 жылы Қазақ агротехникалық университетін «Топырақтану және агрохимия» мамандығы бойынша тәмамдаған;
2010 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған;
2018 жылы «Тұран-Астана» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Соңғы бес жылдағы жұмыс тәжірибесі:
2019 жылғы қарашадан 2023 жылғы шілдеге дейін - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры.
2023 жылғы шілдеден 2026 жылғы шілдеге дейін - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы.
2026 жылғы қыркүйектен бастап - «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі.

Жетекшілік ететін мәселелері:
Қоғам қызметіне мынадай мәселелер бойынша жалпы басшылықты, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады:
1) пайдаланудан шыққан көлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды ұйымдастыру;
2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері тетіктерін іске асыру және мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
3) Қоғамның даму стратегиясын әзірлеу және іске асыру, стратегиялық жоспарлау, талдамалық қызмет және орнықты даму (ESG);
4) қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды іске асыру, қайта өңдеу технологияларын енгізу, ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру және Қалдықтарды басқару жөніндегі ұлттық орталықтың функцияларын қамтамасыз ету.

Үлестес ұйымдарға тиесілі акциялардың саны мен үлесі: жоқ.