«Жасыл даму» АҚ адвокаттарды және заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдарды тарту туралы хабарлайды
Назад в пресс-Центр

«Жасыл даму» АҚ адвокаттарды және заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдарды тарту туралы хабарлайды

«Жасыл даму» АҚ кәдеге жарату төлемдері бойынша берешекті өндіріп алу үшін заң қызметтерін көрсету мақсатында Адвокаттық қызмет туралы Заңға сәйкес адвокаттарды және заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдарды (бұдан әрі – Бөгде тұлғалар) тарту туралы хабарлайды.

Жоғарыда көрсетілген заң қызметтері бойынша іріктеуге қатысуға ниет білдірген Бөгде тұлғалар kense@recycle.kz электрондық мекенжайға төменде баяндалған құжаттардың көшірмелерін және коммерциялық ұсыныстарын Астана қ., Қабанбай-батыр даңғылы, 11/5, 404 кабинет мекенжайына

28.02.2025 жылдға дейін жіберуге тиіс:

1) дербес деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға Бөгде адамның келісімінің түпнұсқасы (қоса берілген сауалнамада);

2) берешекті өндіріп алу жөніндегі қызметтерді ұсынатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

3) Бөгде тұлға көрсететін қызметтер тізбесі туралы ақпаратты;

4) көрсетілген қызметтер түрлері, контрагенттің атауы, мәміле сомасы (коммерциялық құпия туралы талаптар болмаған кезде), берешекті қайтару тиімділігі (берешекті қайтару сомасының берешекті өндіріп алу сомасына қатынасы) бөлігінде бұрын жасалған мәмілелер туралы ақпаратты;

5) штат саны туралы ақпарат (көмекшілердің, өңірлерде жұмыс істейтін бірлесіп орындаушылардың тізімі, бар болған жағдайда, өңірлер бойынша бөле отырып);

6) көрсетілетін қызметтер түрлері бөлінісінде көрсетілетін қызметтерге тарифтер туралы ақпаратты;

7) есепке алу Мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (салық органынан анықтама);

8) Бөгде адамға қатысты сот актілері;

9) талап етілетін тәжірибені растайтын құжаттар;

10) осы хабарландыруға қосымша файлға сәйкес Бөгде адам қол қойған, бөгде адамның жауаптарын растайтын құжаттармен (бар болса) қоса берілген толтырылған сауалнама.

Сыртқы тұлғалар шынайы ақпарат беруге және шынайы құжаттарды ұсынуға жауапты болады."

Қоғамның сыртқы сайтында орналастыруға арналған сауалнаманы хабарландыруға қоса береміз.

Анкета.xlsx