Арнайы техникалар мен автобустар алынады
Назад в пресс-Центр

Арнайы техникалар мен автобустар алынады

«Жасыл даму» кәдеге жарату алымынан түскен қаражатқа 660 бірлік өрт сөндіру техникасын және аудан орталықтарына 300 ден астам автобус сатып алуға қаржы бөлді.

«Жасыл даму» АҚ инновациялық технологиялар мен инфрақұрылымға инвестиция бөлу арқылы тұрақты дамуға, көміртегі ізін азайтуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобаларды қолдайды.

Қыркүйек айында қоғам «Шебер Спецмаш» ЖШС іске асыратын Степногорск қаласында ҚТҚ сұрыптауды ұйымдастыратын арнайы техниканы сатып алуға 22,9 млн теңге сомасына 1-ші жоба бойынша қаржыландыру бөлді. Арнайы техниканы сатып алу нәтижесінде 15 мың тоннаға дейін ҚТҚ шығару қамтамасыз етіледі.

Анықтама. Бұған дейін Қоғам Қостанай облысы мен Шымкент қаласында ҚТҚ сұрыптауды және құрылыс қалдықтарын қайта өңдеуді ұйымдастыру саласында жалпы сомасы 904 млн теңгеге 3 жобаға қаржы бөлген болатын. 

ҚТҚ-ны сұрыптау және одан әрі өңдеу жөніндегі бағдарламаға 2024-2026 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі 185 млрд теңге сомасында қаржыландыру көлемін айқындады және 94 жобадан тұратын тізім жасалды.

Қазан айында Қоғам Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстанның бірқатар аудан орталықтарының автобустар паркін жаңарту үшін 15 млрд теңгеге отандық автобустарды сатып алуы үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар және су ресурстары және ирригация министрліктерінің негізгі қаражатын 50 млрд теңгеге жаңарту үшін қаржыландыру ұсынды.

Автобустар паркін жаңарту тұрғындарды авто тасымалдау тиімділігін арттырады, Жол-көлік оқиғаларының қаупін азайтады, ескі автобустарды жөндеу шығындарын азайтады. Қаржыландыру нәтижесінде Қазақстанның аудан орталықтарында 300 бірліктен астам ескірген автобустарды жаңартуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар және су ресурстары және ирригация министрліктерінің негізгі құралдарын жаңарту, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ су ресурстарын басқару саласындағы ескірген техниканы ауыстыруға бағытталған. Қазір 36,2 млрд теңгеге 660 отандық өндіріс техникасын сатып алуға өтінім жолданды, оның ішінде Төтенше жағдайлар министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелері үшін 346 бірлік, Су ресурстары және ирригация министрлігі үшін 314 бірлік техника жеткізілетін болады. Ал, қалған қаржыландыруды алу және техниканы жеткізу үшін 13,7 млрд теңге сомасына өтінім жолдау рәсімі аяқталуда.