«Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы Ұлытау облысы әкімінің орынбасарымен жұмыс кездесуін өткізді
Баспасөз орталығына оралу

«Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы Ұлытау облысы әкімінің орынбасарымен жұмыс кездесуін өткізді

«Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Болат Жұмабековпен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында тараптар кәдеге жарату төлемдері есебінен экологиялық жобаларды қаржыландырудың негізгі шарттарын, соның ішінде жылдық 3% мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасының мүмкіндіктерін талқылады.

Ержан Сәрсенбай мұндай жобаларды іске асыруға бизнесті кеңінен тартудың маңыздылығын атап өтіп, перспективалы бастамаларды әкімдікпен бірлесіп жан-жақты пысықтауға дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ өңірде коммуналдық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жобаларын іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Тараптар EcoQolday бағдарламасының мүмкіндіктеріне, оның ішінде мүлік иелері бірлестіктері мен пәтер иелері кооперативтері үшін қолжетімді тетіктерге де ерекше назар аударды.