EcoQolday: Ақтау тұрғындары қалдықтарды табыс көзіне қалай айналдыра алады
Баспасөз орталығына оралу

EcoQolday: Ақтау тұрғындары қалдықтарды табыс көзіне қалай айналдыра алады

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында өңірлерді қалдықтарды бөлек жинау жүйесіне тарту және «EcoQolday» мобильді қосымшасы арқылы табыс табу мүмкіндіктерін кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда.

«Жасыл даму» АҚ Жалпыұлттық демократиялық партиясымен бірлесіп, Ақтау қаласы әкімдігінің және Маңғыстау облысы Экология департаментінің қатысуымен «Zero Waste» ЖШС (қалдықтарды шығару ұйымы) мен тұрғын үй кооперативтерінің өкілдерімен жұмыс кеңесін өткізді. Кездесу барысында «EcoQolday» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу және өңір тұрғындарын қалдықтарды бөлек жинау мен сұрыптау үдерістеріне тарту мәселелері талқыланды.

Кеңес барысында «Жасыл даму» АҚ өкілі Шаймурат Сакен қатысушыларға «EcoQolday» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаттарын түсіндірді. Аталған жүйе арқылы әрбір тұрғын үйден шықпай-ақ пластик пен қағаз қалдықтарын қайта өңдеуге тапсыру арқылы табыс таба алады. Сондай-ақ ОСИ мен КСК-ны екінші реттік шикізатты бөлек жинау және сұрыптау үдерістеріне тартуға, әрі қарай оны қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізуге бағытталған «Таза үй – Таза ел» экологиялық бастамасына ерекше назар аударылды.

Аталған бастамаларды іске асыру өңір үшін маңызды әлеуметтік-экологиялық әсерге ие: ол қалдықтарды көму көлемін азайтуға, бөлек жинау инфрақұрылымын дамытуға, қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдауға және халықтың экологиялық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Мұның барлығы Маңғыстау облысының қалалық ортасының сапасын жақсартуға және орнықты дамуына бағытталған.