Экология министрі С. Брекешев Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті
Назад в пресс-Центр

Экология министрі С. Брекешев Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды.

Жалпы, Ақмола облысының экологиялық жағдайы басқа өңірлермен салыстырғанда қолайлы. Табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру есебінен ластаушы заттардың шығарындылары 13%-ға төмендетіліп, 118 мың тоннаны құрады.

«Алайда, қалдықтарды басқару инфрақұрылымының нашар дамуы, ҚТҚ полигондарының нормаларға сәйкес келмеуі, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің едәуір саны және КТҚ-ның тозуы немесе олардың тіпті болмауын облыстың негізгі проблемасы деп айтуға болады», - деп атап өтті С.Брекешев Щучинск қаласының қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын аралау барысында.

Мәселен, Ақмола облысында 2021 жылдың қорытындысы бойынша ҚТҚ өңдеу үлесі бар болғаны 8,7% - ды құрады. Бұл ел бойынша ең төменгі көрсеткіш. Өңірде бөлек жинау - 10, ал сұрыптау – 7 елді мекенде ғана енгізілді, ал еліміз бойынша 205 кәсіпорынның 3-уі ғана өңірде қалдықтарды басқару бойынша жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда Көкшетау және Степногорск қалаларында КТҚ 90%-ға дейін тозған және күрделі жөндеуді немесе толық ауыстыруды талап етеді. Биологиялық тазарту құрылыстары Целиноград ауданының Қосшы және Ақмол кенттерінде және Щучинск қаласында ғана іске қосылған. Бурабай ауданында жаңа КТҚ құрылысы жүргізілуде.

Облыс орталығында орналасқан «Воlаshаq saraiy» ғылыми-зияткерлік экологиялық зертханасы аралау объектілерінің бірі болғанын атап өткен жөн. Зертхана экологияға аса қызығушылық танытатын және болашақта жаратылыстану-ғылыми бейіндегі оқу орындарында білімін жалғастырғысы келетін мектеп оқушыларына арналған.

Экология министрі Ақмола облысының еліміздің ірі тау-кен аймақтарының бірі екенін атап өтті. Облыс пайдалы қазбаларға бай. Облыста геологиялық зерттеулер жүргізу үшін айтарлықтай әлеует бар. Ақмола облысының құрамында алтыны бар кендердің минералдық-шикізат базасы Ақсу-Жолымбет және Бестөбе-Сілеті аудандары шегіндегі іздестіру нәтижелері бойынша едәуір кеңейтілуі мүмкін. 5 жылдық кезеңде ел бойынша 680 мың км2 астам алаңда, оның ішінде Ақмола облысында 35 мың км2 жер қойнауын өңірлік геологиялық зерттеу жоспарлануда.

Өңірдегі су шаруашылығын дамыту саласында 2025 жылға дейін су көлемі 833 млн.м3 болатын тасқын суларды шоғырландыру үшін Бұзылық су қоймасын салу жоспарлануда.

Сондай-ақ, 2025 жылға дейін Ақмола облысының 3 ГТН қалпына келтіріледі. Бұл Астана, Қоянды және Подлесненск су қоймалары.

Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы Ақмола облысында сумен жабдықтау бойынша екі нысанның құрылысы аяқталды. Макинск топтық су құбыры пайдалануға берілді. Нәтижесінде 18 мың халқы бар Макинск қаласында сумен жабдықтау жақсартылды.

Сонымен қатар, ұзындығы 16 км Нұра топтық су құбырының 9 апатты учаскесін реконструкциялау аяқталды. Нұра топтық су тартқышының тозуына байланысты біз оны 2025 жылға дейін жоспарлы түрде және кезең-кезеңмен қайта жаңартуды жоспарлап отырмыз.

Министрлік балық саласын дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. 2030 жылға дейін Ақмола облысы бойынша балық өсіру көлемін 10 мың тоннаға дейін жеткізу, сондай-ақ 9,3 млрд.теңге жеке инвестициялар тарту жоспарлануда. Өткен жылы өңірде 148 тонна балық өсірілді. Жоспар 100% орындалды. Биыл 952 тонна өсіру жоспарлануда. Инвестициялық балық өсіру жобалары бойынша да жұмыс жүргізілуде. Мәселен, Целиноград ауданының Қоянды кентінде 5 тонна бекіре уылдырығы және 250 тонна тауарлы балық көлемін өндіретін балық фермасын салу жобасы іске асырылуда. Инвестициялар 4,3 млрд. теңгені құрайды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығын іске асыру мақсатында министр жұртшылықпен кездесу өткізіп, брифинг беріп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Ведомство басшысы сонымен қатар азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Негізінен сұрақтар экология саласына, ҚТҚ жаңа полигондарына, қоқысты бөлек жинауға және рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерге қатысты қойылды.

Министр барлық сұрақтарға жауап беріп, қатысушыларға алғысын білдірді, осындай форматтағы кездесулердің маңыздылығын мен алдағы уақытта тұрақты негізде өткізілетінін атап өтті.


Дереккөз: gov.kz