Белгілі бір тауарға өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері қолданылатынын СЭҚ ТН коды арқылы тексеруге болады.
Тексеру тәртібі:
recycle.kz сайтына кіріңіз.
Нормативтік құқықтық актілер бөліміне өтіңіз.
Өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесін ашыңыз.
Тауарыңыздың СЭҚ ТН кодын тізбеде көрсетілген кодтармен салыстырыңыз.
Егер тізбеде он таңбалы код толық көрсетілмесе, тауар кодының алғашқы белгілерінің тізбедегі кодпен сәйкес келетінін тексеріңіз. Мұндай код бірнеше тауар позициясын қамтуы мүмкін.
Маңызды: Егер күмән туындаса, тауардың сипаттамасын және тізбенің қолданыстағы редакциясын қосымша тексерген жөн.
#ЖасылДамуТүсіндіреді