Құрметті әріптестер, қадірлі экологтар және табиғат қорғау саласының ардагерлері мен мамандары!
«Жасыл даму» АҚ атынан және өз атымнан сіздерді кәсіби мереке - экология күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің қызметтеріңіз еліміздің табиғи байлығын сақтау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және келесі ұрпақ үшін тұрақты болашақты қалыптастыру үшін ерекше маңызға ие. Эколог болу - бұл мамандық қана емес, сонымен қатар жауапкершілікті, кәсібилікті және адалдықты қажет ететін жоғары миссия.
Экологиялық саланы дамытуға қосқан үлестеріңіз, адал еңбектеріңіз және таңдаған істеріңізге берілгендігіңіз үшін шын жүректен алғыс білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, амандық, жаңа кәсіби жетістіктер, сарқылмас қуат және барлық бастамаларыңызда табыс тілеймін!
Құрметпен, «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай