Қазақстанда 2024 жылдан бастап EcoQolday цифрлық платформасы мен мобильді қосымшасы жұмыс істейді. Бұл сервис тұрғындар мен кәсіпорындарды қайталама шикізатты жинаушылар және қайта өңдеушілермен байланыстырады. Қосымша арқылы шыны, қағаз, картон, пластик қаптама және басқа да қалдықтарды өткізуге өтінім беруге, жинаушылардан ұсыныстар алуға, қалдықтарды қайта өңдеуге тапсырып, сол үшін ақшалай сыйақы алуға болады.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша жүйеде 99 компаниямен шарт жасалған. Оның ішінде 66 компания қалдықтарды жинаумен, 20 компания қайта өңдеумен айналысады, ал 13 компания толық цикл бойынша жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар жүйеде 631 жеке тұлғаның және 456 заңды тұлғаның өтінімі тіркелген.
Жүйе іске қосылғаннан бері EcoQolday арқылы қайта өңдеуге 131,04 мың тонна қалдық жіберілді. Оның ішінде:
Жүйе жұмыс істеген уақыт ішінде қатысушыларға жалпы 3 млрд 462,9 млн теңге төленді.
Ведомствоның мәліметінше, жүйеге тіркелген қатысушылар саны мен қайта өңдеуге тапсырылған қалдық көлемі бойынша ең жоғары көрсеткіштер еліміздің оңтүстік өңірлерінде байқалады.
Бұған дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев жүйеге кез келген азамат тіркеле алатынын айтқан болатын.
«Егер азамат пластик, макулатура, металл сынығы немесе күнделікті өмірде пайда болатын басқа да қалдықтарды жинаса, оларды өткізіп, белгілі бір мөлшерде субсидия ала алады. «Жасыл даму» АҚ тарапынан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеу жүйесіне қолдау көрсетіледі», – деген еді вице-министр.
https://www.inform.kz/ru/kazahstantsam-viplatili-pochti-35mlrd-tenge-zasdachu-othodov-1c2d5e39