Қалдықтарды басқару жөніндегі ұлттық орталық: жүйелі өзгерістерге жасалған қадам
Баспасөз орталығына оралу

Қалдықтарды басқару жөніндегі ұлттық орталық: жүйелі өзгерістерге жасалған қадам

Астана қаласында қалдықтардың барлық түрлерін басқару саласындағы мемлекеттік реттеуді жүйелеуге арналған стратегиялық сессия өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және «Жасыл даму» АҚ-ның бастамасымен ұйымдастырылып, орталық мемлекеттік органдардың бейінді комитеттерінің, әкімдіктердің, салалық ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдерінің қатысуымен өтті. Аталған сессия Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген 2026-2030 жылдарға арналған қалдықтардың барлық түрлерін басқару тұжырымдамасын (Тұжырымдама) іске асыру аясында өткізілді.

Сессияның негізгі тақырыбы - реттеуші органдар арасында функциялардың қайталануын және бәсекелестікті болдырмайтын, қалдықтарды басқарудың біртұтас, түсінікті және тиімді жүйесін қалыптастыру болды. Бұл жүйеде негізгі үйлестіруші рөл «Жасыл даму» АҚ-ға қалдықтарды басқару жөніндегі Ұлттық орталық ретінде жүктеледі.

Іскерлік бағдарлама аясында қатысушылар тоғыз салалық кіші топта жұмыс істеді. Бұл топтар тау-кен және өңдеу өнеркәсібінен бастап медициналық, ауыл шаруашылығы, құрылыс және сұйық қалдықтарға дейінгі барлық қалдық түрлерін қамтыды. Бірнеше сағат ішінде қалдық түзушілер бойынша басқару схемалары әзірленіп, реттеушілік олқылықтар анықталды, нысаналы модельдер бойынша ұсыныстар қалыптастырылды, сондай-ақ процестерді цифрландыру мен заңнаманы түзетуге арналған бастапқы негіздер дайындалды.

«Біздің міндетіміз - барлық процестерді біртұтас жұмыс істейтін механизмге біріктіру, үйлестіруді, ашықтықты және қолайлы цифрлық құралдарды қамтамасыз ету, осылайша жүйенің іс жүзінде тиімді жұмыс істеуіне қол жеткізу», – деп атап өтті «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай.

«Жасыл даму» АҚ-ға Қалдықтарды басқару жөніндегі ұлттық орталық (ҚБҰО) мәртебесін беру елдегі қалдықтардың барлық түрлері бойынша деректерді жинау және талдау, мемлекеттік тізілімдерді жүргізу, қалдықтармен жұмыс істеуді бақылауға арналған цифрлық платформаларды басқару, сондай-ақ өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі қағидаттарын енгізуге жәрдемдесу жөніндегі бірыңғай институтты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ҚБҰО қалдықтарды жинау, сұрыптау, қайта өңдеу және қайта пайдалану салаларында инвестиция тарту мен шағын және орта бизнесті қолдаудың маңызды құралына айналады.

Өткізілген стратегиялық сессия қалдықтардың өмірлік циклін нақты бизнес-процестер мен ведомствоаралық өзара іс-қимылға негізделген сквозной басқаруға көшу жолындағы маңызды қадам болды. Алынған нәтижелер Тұжырымдаманы одан әрі іске асырудың, цифрлық шешімдерді әзірлеудің және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына нысаналы түзетулер дайындаудың негізіне айналады.