2025 жылғы 23 шілдеде «Жасыл даму» АҚ Астана қаласы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарының қоқыс шығаратын ұйымдарымен онлайн-талқылау өткізді.
Спикер ретінде «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов сөз сөйледі. Ол ӨКМ Операторы қаражатын пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндірді. Жаңалықтардың бірі халыққа қызмет көрсететін қоқыс шығаратын компанияларды қалдықтарды бөліп жинау және сұрыптау жүйесін енгізу мақсатында инфрақұрылымды (қабылдау пункттері, фандоматтар, контейнерлер) орнату арқылы қолдау алатын ұйымдар тізіміне қосу болды.
Талқылауға саланың шамамен 30 өкілі, сондай-ақ әкімдік қызметкерлері, Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.
ӨКМ Оператормен өзара іс-қимыл, шарттар жасасу, есеп беру және жиналған әрі өңделген қалдықтың әр тоннасы үшін төлем алу мәселелері қаралды.
Қатысушылар қайта өңдеу саласының даму перспективаларын және әрі қарайғы ынтымақтастық жолдарын да талқылады.