ЕРЕЖЕНІҢ ЖАҢА РЕДАКЦИЯСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ
Назад в пресс-Центр

ЕРЕЖЕНІҢ ЖАҢА РЕДАКЦИЯСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

«Жасыл даму» АҚ Басқармасының шешімімен өндірушілер (импорттаушылары) өнімнің (тауарлардың) кәдеге жарату төлемінің артық төленген сомасын олардың өтініштері негізінде алдағы төлемдер есебіне қайтару және (немесе) есепке алу тәртібінің жаңа редакциясы бекітілді.

Алдағы төлемдер есебіне қайтару және (немесе) есепке алу үшін негіздемелерді растау үшін импорттаушы өтінішке Екінші деңгейлі банктер немесе «Қазпошта» АҚ берген, өндірушінің (импорттаушының) есеп айырысу шотының қайтарылатын ұлттық валютадағы тиісті деректемелерін растайтын құжаттарды қоса беруі тиіс.

Көлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының экспорты себебінен кәдеге жарату төлемінің сомалары қайтарылған жағдайда, көлік құжаттарын ұсыну, сондай-ақ көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге түпкілікті әкету мақсатымен көлік құралын есептен шығару туралы белгінің болуы ақша қаражатын қайтару үшін міндетті шарт болып табылады.

Сонымен қатар Ереженің мәтініне басқа да өзгеріс енгізілген.

Бұл өзгерістер мен толықтырулар артық төленген сомаларды қайтару және (немесе) есепке жатқызу тәртібіне байланысты түйінді мәселелерді егжей-тегжейлі реттеуге бағытталған.

Ережелермен танысуға және олармен әрі қарай жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін төменде көрсетілген сілтеме бойынша өтуге болады.


https://recycle.kz/storage/app/media/doc/pravila_vozvrata_i_ili_zacheta_14.12.2022.pdf