Қазанның 25-31 аралығында «EcoQolday» жүйесінде 3 968,9 тонна қайталама шикізатты тасымалдауға және кәдеге жаратуға жіберілді.
Қайталама шикізатты жинау, тасымалдау және кәдеге жарату ұйымдарына 141 млн теңгедеген астам қаржат төленді. 7 күн ішінде 2 467 тонна қағаз және картон қаптама қалдықтар, 504 тонна полимер және 997 тонна шыны қалдықтары жиналып, кәдеге жаратушыларға жөнелтілді.
Жыл басынан бері «EcoQolday» жүйесінде қаптама қалдығын жинаушыларға, тасымалдаушыларға және кәдеге жаратушыларға 3 166 629 006 теңге қаражат төленді. Қазіргі уақытта жүйеде 6 170 өтінім пысықталып, 101 571,4 тонна қаптама қалдығы қайта өңдеуге жіберілді.
Бүгінгі күні ӨКМ Операторынан қаржыландырудың жаңа моделіне қатысушылардың саны 1064 жетті. Оның ішінде 218-қайталама шикізатты жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындар, 36-кәдеге жаратушы зауыттар және 810 көлік компаниялары тіркеліп отыр.