Астанада «Жасыл даму» АҚ, «Қазгидромет» РМК және RECETOX орталығы мамандарың жұмыс кездесуі өтті
Баспасөз орталығына оралу

Астанада «Жасыл даму» АҚ, «Қазгидромет» РМК және RECETOX орталығы мамандарың жұмыс кездесуі өтті

«Жасыл даму» АҚ «Қазгидромет» РМК-мен бірлесіп Стокгольм Конвенциясының өңірлік орталығы саналатын RECETOX (Чехия Республикасы) Қоршаған орта химиясы және экотоксикология зерттеу орталығының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) – «Албания, Армения және Қазақстандағы тұрақты органикалық ластағыштар (ТОЛ) туралы Стокгольм Конвенциясының міндеттемелерін орындаудың Ұлттық жоспарына шолу және жаңарту» жобасын іске асыру шеңберінде өтті. 
Кездесудің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында жобаны іске асырудың ағымдағы барысын талқылау, қатысушылар арасында тәжірибе алмасу және ТОЛ бойынша Ұлттық жоспарды жаңарту бойынша одан әрі қадамдарды келісу болды. Тұрақты органикалық ластаушы заттарды бақылау, есепке алу және тұрақты басқару мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұл жобаны іске асыру қауіпті химиялық заттардың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерін азайтуға бағытталған Стокгольм конвенциясы шеңберінде Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін орындауға ықпал етеді.