«Жасыл даму» АҚ, «Жасыл экономика үшін Коалиция» ЗТБ іске асырылған "3.2.1 Старт" әлеуметтік жобасының 9-маусымының финалына, қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты. «Жасыл даму» АҚ -ның қатысуы оның тұрақты тәжірибелерді ілгерілету және жастарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тарту жөніндегі миссиясының қисынды жалғасы болды. Жоба, Қазақстандық жоғары оқу орындарының базасында пластикті жинау мен қайта өңдеудің тұрақты моделін қалыптастыруға, студенттердің экологиялық санасын дамытуға және орнықты даму қағидаттарын насихаттауға бағытталған.
2024 жылдың шілдесінен бастап, жобаға бүкіл ел бойынша 12 жоғарғы оқу орындары тартылды. 14 оқу орнында пластмассаны бөлек жинау үшін контейнерлер мен биг-бегтер орнатылды, ірі өңірлерде тұрақты ақпараттық сессиялар мен 7 жаппай сенбілік өткізілді. Нәтижесінде 30 тоннаға жуық пластик жиналып қайта өңдеуге берілді. Конкурс шеңберінде, студенттер жинау әдіснамасы, студенттерді жобаға тарту, ақпараттық сүйемелдеу, өткізілген сенбіліктер саны және жобада жеңіске жеткен жағдайда қажетті жабдықтар бөлігінде атқарылған жұмыстарды таныстырды.
Судьялар алқасының шешімімен, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, жобаның жеңімпазы болып анықталып, 5 миллион теңге көлемінде пластикті қайта өңдеуге арналған жабдықтарды сатып алуға грант алды.