«Жасыл даму» АҚ-да құрылыс қалдықтарын басқару және Астана қаласы аумағында рұқсатсыз қоқыс үйінділерінің алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.
Іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің, МСҚБ, ҚР ІІМ (оның ішінде жол полициясы), Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасының, Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының, сондай-ақ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің өкілдері қатысты.
Кеңес барысында қатысушылар жеке тасымалдаушылардың құрылыс қалдықтарын заңсыз төгуі салдарынан пайда болатын стихиялық қоқыс үйінділері мәселесін талқылады. Мұндай үйінділердің 80-95%-ы дәл осы құрылыс қалдықтарының есебінен қалыптасатыны атап өтілді.
Астана қаласында іске асырылып жатқан құрылыс қалдықтарының қозғалысын цифрлық бақылау жөніндегі пилоттық жобаға ерекше назар аударылды. Жоба қазірдің өзінде нақты нәтижелер көрсетуде: құрылыс қалдықтарының пайда болуынан бастап оларды арнайы алаңдарға жеткізуге дейінгі барлық кезең цифрландырылды, тасымалдау және түсіру фактісін растауға мүмкіндік беретін GPS-мониторинг және фотофиксация құралдары енгізілді. Қазіргі таңда жүйеде 5 мыңнан астам рейс тіркеліп, бұрын бақылаусыз болған 88 мың тоннадан астам қалдық тасымалданған.
Қатысушылар пилоттық жоба әлі де жетілдіру кезеңінде екенін атап өтті. Тасымалдаушылар нарығының ашықтығын арттыру, адал тасымалдаушыларды іздеу және тарту бойынша цифрлық сервисті іске қосу мәселелері қарастырылуда. Бұл қызмет құнын төмендетіп, бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді.
Жобаның қазіргі кезеңде-ақ жүйелі әсер қалыптастырып отырғаны атап өтілді - тасымалдаушылар үшін заң аясында жұмыс істеу тиімді бола түсуде, ал заңсыз төгулерді анықтау және жазалау тәуекелдері айтарлықтай өсуде.
Кеңес қорытындысы бойынша ұсыныстар:
Саладағы цифрландыруды одан әрі дамыту, соның ішінде бірыңғай ақпараттық жүйе құру және барлық мемлекеттік органдар деректерін интеграциялау жеке бағыт ретінде айқындалды.
Кеңес қорытындысы бойынша Астанадағы пилоттық жобаның тиімділігі дәлелденіп отырғаны және оны бүкіл ел бойынша масштабтау мүмкіндігі қарастырылып жатқаны атап өтілді.