«Жасыл даму» АҚ отандық автоөндірушілерден агротехника мен көлік құралдарын сатып алу үшін «ӨКМ Операторы» берген жеңілдік сертификаттарын қаржыландыруды бастаған болатын. Бүгінгі таңда 8 бірдей автоөндіруші 176 автокөлік модельін жеңілдік сертификаты арқылы сатып алуды ұсынып отыр.
Қолданыстағы жеңілдік сертификаттарының иелері жаңа көлік құралдарын, ауылшаруашылығы техникасын сатып алу үшін төменде көрсетілген отандық автоөндірушілерге жүгінуіне мүмкіндігі бар (өндіруші мен көліктер тізімін жүктеу)
Сонымен қатар, 2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап қолдану мерзімі өткен жеңілдік сертификаттарын пайдалану Қазақстан Республикасында экологиялық таза автокөлік құралдарын (электр қозғалтқыштары бар Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін) және олардың компоненттерін, сондай-ақ экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ынталандыру қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін мүмкін болады. ҚР ЭГТРМ-нің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 263 және ҚР ИИДМ-нің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 400 бірлескен бұйрығының қолданылу мерзімін ұзарту бойынша бекітілген техникалық регламенттерде айқындалған.