Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған іс-шара өтті
Жаңалықтарға оралу

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған іс-шара өтті

Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан келген делегациялар қатысты.

Іс-шара аясында «Экологиялық мәдениет: білім, тәрбие, әрекет» тақырыбындағы панельдік сессия ұйымдастырылды.

Аталған сессияға «Жасыл даму» АҚ өкілі Сабденов Әлімжан қатысып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы, халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы бастамалар туралы баяндама жасады.

Панельдік сессия барысында қатысушылар экологиялық білім беру, қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттыру және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету мәселелерін талқылады. Іс-шара қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасу мен өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.