Миссиясы – қоршаған ортаның сапасын жақсарту үшін жағдай жасауға және қалдықтарды кешенді басқару жүйесін дамытуға бағытталған мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыруға жәрдемдесу, оның ішінде циркулярлы экономикасын дамытуға байланысты.
Пайымдау – қоршаған ортаны сақтайтын өндіріс, бөлу және тұтыну әдістеріне жедел көшуді қамтамасыз ететін қоғамға ашық ұйым.



Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының (бұдан әрі - ӨКМ Операторы) даму стратегиясын бекіту үшін Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі негіз болып табылады. 2022 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қоғамға ӨКМ Операторының функциялары берілді..
ӨКМ Операторының қаржыландыру бағыттары ҚР Экологиялық кодексінде белгіленгенін атап өткен жөн. Бұл ретте, жекелеген негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін ҚР Экологиялық кодексіне тиісті түзетулер қабылдау және қаржыландыру тәртібін бекітетін бекітілген нормативтік құқықтық актілердің болуы қажет.
«Жасыл даму» акционерлік қоғамының 2023-2027 жылдарға арналған даму стратегиясы «Жасыл даму» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2023 жылғы «24» қараша) бекітілді, онда Оператордың миссиясы, пайымы және стратегиялық қызмет бағыттары айқындалған.
ӨКМ Операторы қызметінің негізгі стратегиялық бағыттары ретінде мыналар белгіленді:
- ӨКМ қолданылатын өнімдерге (тауарларға) қатысты қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру
2024 жылы қалдықтарды жинауды, тасымалдауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау жөніндегі ЕсoQolday бағдарламасы іске қосылды.
2025 жылдың соңындағы жағдай бойынша ЕсoQolday бағдарламасына 78 компания, соның ішінде 50 жинаушы, 18 қайта өңдеуші және толық циклді 10 кәсіпорын қосылды.
2025 жылы жиналған және қайта өңдеуге берілген қалдықтар көлемі 49 мың тоннадан асты, оның ішінде қаптама қалдықтары шамамен 44 мың тоннаны және автокомпоненттер қалдықтары 5 мың тоннадан аса көлемді құрады.
2024 жылы жалпы қаржыландыру көлемі 185 млрд теңгені құрайтын қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеу жөніндегі инвестициялық жобаларды жеңілдікпен қаржыландырудың үш жылдық бағдарламасы басталды. Қаржыландыру қайтарымды негізде, жылдық 3% сыйақы мөлшерлемесімен, 3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
2025 жылдың соңындағы жағдай бойынша қоқыс сұрыптау кешендері мен қоқыс өңдеу зауыттарының жалпы жобалық қуаты жылына 885 мың тоннадан асатын, сондай-ақ 1,5 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейтін 25 жоба қаржыландырылды.
- Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы шеңберінде қалдықтарды бөлек жинауды ілгерілету және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру бойынша жүйелі жұмыс іске асырылуда.
2024 жылы «Таза туризм» тұжырымдамасы шеңберінде «Көлсай көлдері» және «Шарын» атты 2 мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды енгізу жөніндегі пилоттық жоба іске асырылды. Жоба ауқымы 2025 жылы тағы 7 мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне: «Сайрам-Өгем», «Баянауыл», «Алтын Емел», «Көкшетау», «Қарқаралы», «Іле Алатауы» және «Бурабай» парктеріне кеңейтілді.
2025 жылы білім беру ұйымдарында қалдықтарды бөлек жинауды және қайталама ресурстарды қайта пайдалануды танымал ету, сондай-ақ қалдықтардың түзілу көлемін азайту жөніндегі пилоттық жоба іске асырылды, оған Астана (107 мектеп) және Жезқазған (22 мектеп) қалаларының 129 мемлекеттік мектебі қатысты. 4–8 сынып оқушылары үшін экологиялық мәдениет бойынша сабақтар өткізіліп, қалдықтарды бөлек жинауға арналған эко-урналар орнатылды.
- Қоғамның операциялық қызметін жетілдіру
Бұл бағыт деректерді өңдеудің бизнес-процестерін жеделдету мақсатында сыртқы ақпараттық жүйелермен интеграциялауды жүзеге асыру арқылы іске асырылуда. Мысалы, 2024 жылғы тамызда Қазақстан Халық банкінің жүйесімен интеграция іске қосылды, бұл утилизациялық төлемдерді мобильді қосымша арқылы комиссиясыз төлеуге мүмкіндік берді. 2025 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «GRST» ақпараттық жүйесімен интеграция іске асырылды.
Қоғам қызметінің нәтижелері туралы ақпаратпен біздің веб-сайтта таныса аласыз. Келесі сілтемелер арқылы өтуді ұсынамыз:
Ecoqolday шеңберінде жұмыс істейтін компаниялар
«Жасыл даму» акционерлік қоғамының 2023-2027 жылдарға арналған Даму стратегиясы