Қаптама

Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 2 қарашадағы №448 бұйрығымен бекітілген кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - есептеу әдістемесі).

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өндірілетін (импортталатын) өнімге (тауарларға) және оның (олардың) орамасына қатысты кәдеге жарату төлемін (Cөнім) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

Cөнім = m * CАЕК * k,

мұнда:

Cөнім – кәдеге жарату төлемі

m – өндірілетін (импортталатын) өнім (тауарлар) массасы (тоннамен);

CАЕК – бір айлық есептік көрсеткіштің сомасы;

k– өндірушілерге (импорттаушыларға) осы Әдістеменнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалатын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдер (тауарлар) үшін кәдеге жарату төлемін есептеуге арналған коэффициент.



Қаптама түрі

k коэффициенті

Қағаз және картон орама, қағаздан және картоннан жасалған бұйымдар

1,76

Шыныдан жасалған орама

1,14

Полимер материалдардан жасалған орама

1,4

Металдан жасалған орама

0,2

Құрамдастырылған материалдардан жасалған орама

0,91